|
Педагог мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығы 2012 жылдың 18 мамыр күні сағат 16.00 - де СМПИ №1 ғимаратының конференц залында «Білім берудің жаңа парадигмасы» тақырыбында әдістемелік семинар өткізеді. Семинар қазіргі білім беру модельдерінде білімді басқару және жаңа педагогикалық менеджмент сұрақтарына арналады. Институттың барлық кафедра меңгерушілері, әдіскерлері және оқытушылары шақырылады.
|
|
Биология ғылымдарының докторы, химия пәнінің профессоры, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, экология, химия және география кафедрасының меңгерушісі, Халықаралық педагогикалық білімдер ғылым академиясының Қазақстандық бөлімінің академик-хатшысы (ХПБҒА), ХПБҒА Экологиялық орталығының директоры Михаил Семенович Панинді Н.И. Вавилов атындағы медалімен және "Золотой фонд Отечественной науки" сериясынан "Золотая кафедра России" дипломымен марапатталғанын құттықтаймыз.
Аталған марапаттауларды Михаил Семенович Панин ғылым мен практикада үлкен маңызы бар жаратылыстық ғылымдар саласындағы жетістіктері үшін және отандық білім дамуына қосқан үлесі үшін алды. Михаил Семеновичке зор денсаулық, жаңа твочествалық табыс және одан да терең ғылыми ізденістер тілейміз!
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректораты, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер және студенттер қауымы
...
|
|