ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















    Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Репетиторлық мектебі   институт ректоры, т.ғ.д., профессор М.Ғ.Ескендіровтің  бастамасымен 2010  жылдың 1 қарашасында құрылды.
  
 
   Репетиторлық мектеп Ғылыми кеңестің  шешімі және ректордың бұйрығы негізінде Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.   Мектеп    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары негізіндегі репетиторлық мектептің Ережесін және Бизнес - Жоспарын басшылыққа алады.

Репетиторлық мектептің меңгерушісі Жампеисова Лиза Магауяновна.
 
БІЛІКТІ МАМАНДАРҒА СЕНГЕНІҢ – СЕНІМДІЛІКТІ БАҒАЛАҒАНЫҢ!
      
     Мектеп қызметінің негізгі мақсаты:
Оқушыларға өздері таңдаған пәндерден сапалы білім беру және өзін - өзі жетілдіру үшін білімдік орта қалыптастыру. Репетиторлық мектептің қызметі жеке тұлғаның білімдік қажеттілігін қанағаттандыруға және әр мектеп бітірушіге болашақта саналы түрде түрлі кәсіби деңгейдегі білімдік қызметті таңдауға негіз қалауға бағытталған.
    
Мектептің негізгі  бағыттары:
- ҰБТ, МАБ, кешенді тестілеуге, лицей, гимназияларға түсуге,  пәндік олимпиадаларға барлық пәндерден дайындау;
- шағын топтардағы сабақтар;
- жекелей кеңестер;

- білімдерін бекітуге арналған интерактивтік тренингтер;
- СМПИ-на және басқа ЖОО түсуге байланысты кеңестер;
- дайындықтың базалық деңгейін анықтауға арналған тестілеу;
- 5-11 сынып оқушыларымен жекелей сабақтар;
- бақылау жұмысын орындауға және оны талдауға  көмектесу;
- қашықтықтан оқыту - қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып компьютерлік техника базасы арқылы «онлайн кеңестер», «онлайн сабақтар» өткізу.
 
Мекен-жайы: Семей қаласы, Ә. Тәңірбергенов көшесі, 1,  кабинет №107.
 тел/факс: 8 (7222) 42-56-62
 e-mail: repetitor@sgpi.kz, skype: repsgpi

 Презентация