
|
Үстіміздегі жылдың 15 қазан күні Семей қаласының Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратында 1-ші курс студенттерін студент қатарына қабылдау кеші өтті. Кеш институт ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ескендіров Мейір Ғариполлаұлының құттықтау сөзімен басталды. Сонымен қатар, ректорымыз ақылы бөлімде оқып жүрген студенттердің мемлекеттік білім грантына ауысуына байланысты сертификат табыстады
Студент қатарына қабылдау кешін жүргізуге және өткізуге физика-математика факультеті жауапты болды. Кешке институттың профессор-оқытушылық құрам және ректорат қатысты
«СМПИ» атты кемемен білім атты теңізге сапар шегуге институтымыздың 5 факультеті жаратылыстану ғылымдары, қазақ филологиясы, тарих филологиясы, психология - педагогика, физика-математика факультеттері шықты
Кеш барысында институтымыздың жарық жұлдыздары «Тұмар» триосы, республикалық жоғарғы лиганың финалисттері «Серілер» КВН командасы және де Аукенова Мария өз әндерімен , тамаша әзілдерімен халықты зор қуанышқа бөледі.
Студенттерге салтанатты түрде студент билетін және білім кілтін институттың әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, профессор Есенжолов Ерғали Қабдоллаұлы және институттың ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, профессор Михаил Семенович Панин тапсырды.
Бірінші курс студенттері ресми түрде ант қабылдады. Институтымыздың 1-ші курс студенттері барлығы бірігіп СМПИ атты кемеге отырып 4 жылдық ұзақ сапарға зор сеніммен аттанды. Олар осы сапарларын тату-тәтті де қызықты өткізетіндеріне сенеміз.
|