ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















Тәуелсіз еліміздің төл Конституциясы адамның негізгі құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ете отырып, демократияның іргелі қағидаттарын бекітті. Оны Қазақстанның саяси-әлеуметтік және экономикалық  саласының модернизациялануынан байқауымызға болады. Сайлау жүйесінің тәжірибеленуі, көп ұлтты Қазақстан үшін азаматтардың діни нанымды өз қалаулары бойынша  таңдап алуы,тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай ұлттар мен тілдің  теңдігі  қағидатының  бұзылмауы т.с.с жетістіктер республикамызды әлемдік аренада  беделді елдермен иық тірестіруге дейін жеткізді.
    Семей мемлекеттік педагогикалық институтының, философия, құқық және экономика негіздері кафедрасының ұйымдастыруымен 2011 жылдың 01 қыркүйегінде «Қазақстанның саяси-әлеуметтік және экономикалық модернизациясы: жетістіктер стратегиясы (Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына)» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
    Дөңгелек үстелдің мақсаты: 
- Қазақстан Республикасы Конституциясының  әлемдік саяси-құқықтық кеңістіктегі алатын орны мен ролін көрсету;
-  дамудың әр түрлі  сатысындағы елдердің әлеуметтік-экономикалық, ұлттық және құқықтық жүйе ерекшеліктерін  талдау;
-  мемлекет пен қоғамның модернизациялануының еліміздің тиімді дамуына  тигізетін әсеріне  көпшіліктің назарын  аудару.
    Дөңгелек үстелге институт профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттер қатысты.
    Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанның саяси-әлеуметтік және экономикалық даму жолындағы кедергілер мен жеткен жетістіктері туралы баяндамаларды тыңдауға мүмкіндік алды. Қазақстанның конституциялық даму заңдылықтары мен тәжірибелері, адам құқықтарының  қорғалуы, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы әрекеттері туралы мәселелер дөңгелек үстелге қатысушыларды  қызықтырды.
    Дөңгелек үстел қатысушылары Конституция арқылы мемлекеттің қызмет ету нормалары бекиді сондықтан барлық адамдардың конституцияны сыйлап және  оның нормаларын қатал сақтайтын дәрежеге жетуіміз қажет. Конституция нормалары  мен республика заңдылықтарына деген  сүйіспеншілік  ықыласты әр адамның  санасына құю қажет. Осы арқылы қоғамда  өзара келісімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз ете аламыз. Бұл  қағиданы  әр азамат пен мемлекеттік органдар  жадында сақтауы шарт.  Дамуымыздың жиырма жылдық  тәжірибесі Қазақстанның болашағы үшін ашық та жарқын ұлттық мемлекеттік-құқықтық идеологияның аса  маңызды  екендігін дәлелдеп берді.  Осындай идеологияны жүзеге асырудың қағидаттары мен механизмдері Ата Заңымызда  бекітілген, сондықтан бізге құқықтық демократияның  жарқын үлгісін іздеудің қажеті жоқ десек те болады. -деген тұжырым жасады.