ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















  Семей мемлекеттік педагогикалық институтында желтоқсан айының 8-10 жұлдызында «Жоғарғы оқу орнындағы психологиялық-педагогикалық қамтамасыздандыру бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың шарты ретінде» атты  халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
  Конференция мақсаты білім беру жүйесін жетілдіру жағдайында жоғары оқу орны студенттерінің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі мен кәсіптену сұрақтарын ғылыми-теориялық негіздеу және шешу.
Конференция жұмысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Педагогикалық білімнің Халықаралық ғылымдар академиясының, Педагогикалық білімнің Халықаралық ғылымдар академиясының Қазақстандық бөлімшесінің өкілдері, жақын шетелдерден, Қазақстанның түрлі аймақтарынан ғалымдар, жоғары оқу орындары мен колледждерінің педагогтары қатысты.
Қатысушылар ғылыми-практикалық конференцияның жұмыс бағыттары бойынша 200 астам  баяндамалар ұсынды, баяндамалар материалдар жинағында беріліп отыр (28,4 б.б.).
Конференция конақтары мен қатысушылары алдында  құттықтау сөз сөйлегендер: Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Ескендіров Мейір Ғариполлаұлы; Семей қаласы әкімінің орынбасары Мұсапірбеков Тұрсынғазы Жантұяқұлы; ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Панин Михаил Семенович.
  Пленарлық мәжіліске келесі баяндамалар ұсынылды:
1.    Ковригина Л.В. – Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетінің коррекциялық педагогика кафедрасының меңгерішісі, п.ғ.к., доцент
«К ПРОБЛЕМЕ ПОДГОТОВКИ СПЕЦИАЛИСТОВ ДЛЯ РАБОТЫ С ДЕТЬМИ С ОСОБЫМИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ»
2.    Молдажанова А.А. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, п.ғ.д., профессор
«АККРЕДИТАЦИЯ – КАК ФАКТОР УСПЕШНОСТИ ПРОФЕССИО-НАЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ПРЕПОДАВАТЕЛЯ ВУЗА»
3.    Сеитова Ж.М. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі  Жаңартпа технологиялар және білім беру мазмұнын ғылыми-зерттеу институтының білім беру мазмұнының және үдерісінің деңгейлерін жасау, жетілдіру, зерттеу бөлімінің басшысы, ф.ғ.к.
«БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАСИЕТТЕРІН ҰЛТТЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ»
4.    Завалко Н.А. – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, п.ғ.д.
«ПРЕДСТАВЛЕНИЕ ПРОБЛЕМ МОДЕРНИЗАЦИИ КАЗАХСТАНСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ В СОВРЕМЕННЫХ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИХ  ИССЛЕДОВАНИЯХ»
5.    Тлеубаева А.В. – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің биология және экология кафедрасының доценті, б.ғ.к.
«ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ТЕСТОВЫХ ЗАДАНИЙ КАК ИННОВАЦИОННОЕ СРЕДСТВО ОЦЕНКИ ЗНАНИЙ СТУДЕНТОВ»
6.    Түсіпбеков Т.Т. – Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің мүдірі, э.ғ.к.
      «ТЕХНОЛОГИЯ ПЕДАГОГИЧЕСКОГО СОПРОВОЖДЕНИЯ -
ОДИН ИЗ ОПТИМАЛЬНЫХ СПОСОБОВ СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ КА-ЧЕСТВА УЧЕБНО-ВОСПИТАТЕЛЬНОГО ПРОЦЕССА»
7.    Әбдікәрімов М.О. – Семей мемлекеттік педагогикалық институтының  даярлау бөлімінің меңгерушісі, доцент, п.ғ.к.
     «К ИЗУЧЕНИЮ ВОПРОСОВ СОЦИАЛИЗАЦИИ СУБЪЕКТА    ЭТНИЧЕСКОЙ ОБЩНОСТИ»     
  Конференция жұмысы кезінде талқыланатын мәселелердің мынандай бағыттары бойынша қатысушылардың секция отырыстары жүргізілді:
1.    бәсекеге қабілетті маманның кәсіби даярлығын психологиялық-педагогикалық қамтамасыздандыру тұжырымдамасының теориялық-әдіснамалық негіздері;
2.    жоғары оқу орнында жас маманның тұлғасын қалыптастыру мәселелерін шешудегі республикалық және әлемдік іс-тәжірибе;
3.    инновациялық орта кредиттік білім беру жүйесі жағдайында білім беру процессін жетілдіру жолы ретінде.
Конференция жұмысы кезінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, п.ғ.д. Завалко Н.А. «Педагогикалық зерттеулердің қазіргі кездегі мәселелері» атты семинарын өткізді.
  Конференция қатысушылары интерактивті әрекеттесу барысында бәсекеге қабілетті маманның кәсіби даярлығын психологиялық-педагогикалық қамтамасыздандырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, болашақ мамандардың кәсіби-жеке қасиеттерін қалыптастырудың әдістемелік аспектілерін, кредиттік білім беру жүйесі жағдайында білім беру процессін инновациялық орта құру арқылы жетілдіру жолдарын қарастырды. Конференция аясында жоғары оқу орнында жас маманның тұлғасын қалыптастыру мәселелерін шешудегі республикалық және әлемдік іс-тәжірибі ұсынылды.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыру бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жетілдіруге, білім беру жүйесін жетілдіру жағдайында жоғары оқу орны студенттерінің кәсіптену мәселесіне, кредиттік білім беру жүйесі жағдайында білім беру процессін жетілдіруге ықпал етеді.