
|
Еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай Семей мемлекеттік педагогикалық институты 21 ақпаннан бастап ұстаздар, қызметкерлер және студентер арасында көркем өнерпаздар байқауын ұйымдастыруда.
Аталмыш іс-шара аясында ақпан айының 28 жұлдызында институтының бас ғимаратының акт залында «физика-математика» және «психология-педагогика» факультеттерінің студенттері сахнада өз өнерлерін ортаға салды. Алғашқы болып білікті мамандардан құралған қазылар алдында «физика-математика» факультеті өздерінің сақадай сай дайындап әкелген 17 нөмірден құралған шығармашылық бағдарламасын қойды. Тақырып аясында тәуелсіздігіміздің тұғыры тарихимыздан үзінді ретінде Қазыбек би және желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков туралы сахналық қойылымнан бастады. Сонымен қатар факультет әзірлеген бағдарламада ұлттық би, жаңа заманғы фристайл биі, күй, КТК (КВН), әндер болды.
Төрешілер алдында екінші болып аса үлкен дайындықпен келген «психология-педагогика» факультеті өз өнерлерін көрсетті. Өнерімен өрге жүзген факультет байқауға 20 нөмірден тұратын концерттік бағдарлама алып келді. Сахна шымылдығын домбыра ансамблінің орындауындағы «Балбырауын» күйімен ашты. Тәуелсіздік тақырыбын толық ашатын қойылымдардан құралған концерттік бағдарлама, көркем өнерпаздар байқауы емес, бейне бір шығармашылық кеште отырған іспеттес болды. Залға жиналған көрермендер алдында факультеттің студентері мен оқытушылары жанды дауыспен және фортепианоның сүйемелдеуімен қазақ әндерін, эстрадалық әндерді, ұлттық нақышта «Аққу», «Дала батырлары», «Аңшылар» биін орындауда, сонымен қатар тағы да басқа тамаша нөмірлерде өз өнерлерін көрсетіп, өнерлеріне тәнтті етті. Атап кететін жайт, факультет студенттерінің құралған хордың және квинттеттің жанды дауыста орындаған әндері өте тамаша. Осындай көрермен көңілінен шыққан бағдарламаны дайындаған факультеттің оқытушыларының ерең еңбегі екені сөзсіз.
Байқау соңында «физика-математика», «психология-педагогика» факультеттерінің концерттік бағдарламаларынан қалалық көркем-өнерпаздар байқауына және қалалық наурызға іріктеп нөмерлер алынды, басым бөлігі психология-педагогика факультетінен болғанын айта кеткеніміз жөн.
Институттың баспасөз қызметі
|