ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















      Семей мемлекеттік педагогикалық институты  физика-математика факультетінің «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы 2011 жылдың  желтоқсан айының 5- 9 күндер аралығы  жатақханадағы апталықтың жоспары  бойынша «Ыбырай Алтынсарин тағылымы» атты дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелді  «Математика және математиканы оқыту әдістемесі»  кафедрасының  оқытушылары мен эдвайзер Бахтинова Эльмира Турсунбековна  ұйымдастырды.            Арнайы осы дөңгелек үстелге Семей мемлекеттік педагогикалық институтының кітапханасымен бірлесе  Ы.Алтыннсариннің   шығармаларынан көрме ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге аға куратор Абжанова  Гульжан Манатбековна және кітапхана қызметкері  Жумагуль Кусайнова  мен  жатақхана студенттері қатысты. Дөңгелек үстелде «Ыбырай Алтынсарин – ұлы педагог, ағартушы, жазушы» деген  тақырыпта   Т-311 тобынын студенті Толеуханова Гульнур баяндама оқыды. Т-311 тобының студенті Манаспаев Асет  «Ы.Алтынсарин қазақ мәдениетінің қайраткері» тақырыбындағы   баяндамасында   Ыбырай Алтыенсариннің  жас кезінен бастап қазақ әдебиетің дамыту үшін көптеген  атқарған  жұмыстарына тоқталды. Т-111 тобының студенті Иманғалиева Тоғжан  «Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары», Т-311 тобынын студенті Оралбаев Жалғас «Ы.Алтынсарин мұраларының зерттеулері жайлы» деген тақырыптарында баяндамалар оқылып, студенттер өзара ой бөлісті.