ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















         4 сәуір күні сағат 15.00-де Семей мемлекеттік педагогикалық институттың бас ғимаратының акт залында Жастар ісі жөніндегі комитет және Қазақ филология факультетінің кіші деканатының ұйымдастыруымен «Студенттік көктем -2011» фестивалінің аясында «Институт аруы - 2011» байқауы өтті.
          Байқаудың мақсаты – институттағы ару қыздардың дарынын бағалау; қыздарды рухани тұрғыда тәрбиелеу және кешегі қазақ қызының игі де инабатты қасиеттерін бүгінгі қазақ қыздарының бойынан іздеу; қыз баланың бойындағы білімін, өнерін, іскерлік шеберлігін, өзін-өзі мәдени ортада ұстай білуін көрсету; қыздарды инабаттылыққа, кішіпейілдікке, ізгілікке тәрбиелеу.
          Сайысқа Семей мемлекеттік педагогикалық институтының әр факультетінен күндізгі бөлімде оқитын 1-курс қыздары қатысты.
    Байқау 5 турдан тұрды:
1.    «Мен қазақтың қызымын» (таныстыру-көркем сөз, өлең, бейне материал);
2.    «Өнерлінің қолы алтын» (ән, би, поэзия және т.б. өнері);
3.    «Білгенге маржан» (сұрақ-жауап);
4.    «Мен Домалақ ана жалғасымын...» (қазақ әйелдерінің образын сомдау);
5.    «Ару деген атым бар...» (киімнің сәндік үлгісін көрсету).
        Өзінің өнері мен қазақ қызына сай қасиеттерімен қазылар алқасының көңілінен шыққан тарих-филология факультетінің студенті Баширова Ақерке «Институт аруы - 2011» байқауының бас жүлдесіне ие болды. Ақерке қалалық «Семей аруы-2011» байқауына жолдама алып, институттың намысын қорғайтын болады.

Институттың баспасөз қызметі