
|
Қыркүйек айының 24 күні Ертіс жағалауында «Президенттік миля – денсаулыққа апарар жол-2011» атты Республикалық акция өтті.
Акцияның басты мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене шынықтыруға баулу.
Басты аккорд жаппай 2400 м тұратын шақырымға жүгіру. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері «Президенттік миля – денсаулыққа апарар жол-2011» акциясының негізгі насихатшылары болып саналады.
Дәстүрлі жыл сайын, қыркүйек айының соңғы аптасында Ертіс жағалауында СМПИ спорт және денешынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен өтізілген шара өз маңызын жоғалтқан емес. Студенттерді салауатты өмір салтын қалыптастыруға бейімдеді және шақырды.
Аталған шара Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауын қолдау, яғни бұқаралық спортты насихаттауға бағытталған. Студенттердің спортқа деген қызықушылықын ояту болып табылған шараның соңында, белсенділікпен қатысқан студенттер мен қызметкерлер арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.
.jpg)
|