
|
2011 жылдың 11 қарашасында экология-химия және география пәндері кафедрасында Семей қаласының мектептерінің арасында кіші географиялық қоғамдастық аясында «2011 – Болашақ географ» конкурсы өтті. Конкурсқа 13 қала мектептерінің оқушылары және қала шетіндегі мектептер оқушылары, сонымен қатар Жарма ауданының 2 мектебінің оқушылар тобы қатысты. Конкурс қортындысы бойынша марапаттау төмендегідей бөлінді:
1 орын – «№37 Гимназия» ОМ ;
2 орын – «№22 Гимназия» ОМ ;
3 орын – «Аршалы ауылының негізгі мектебі» ОМ.
«№ 16» орта мектебінің оқушылары «Ұйымшыл команда» атауымен марапатталса, ал «37 Гимназия» орта мектебінің оқушылары «Тапқыр команда» атауымен марапатталды.
Конкурс оқушылардың білімін ғана тексеріп қана қоймай, сонымен қатар оның географиялық біліктілігін кеңейтіп, шығармашылық қаблетілігін танытуға мүмкіндік берді.
|