
|
2011 жылдың 7-9 қазан аралығында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Intel білім беру академиясы» атты халықаралық педагогикалық конференциясы өтті. Аталған конференцияда «Болашақ ғалымы 2011» сайысына физика және информатика кафедрасының аға оқытушысы Павлов Игорь Владимирович қатысып, «Биология, физика және Жер туралы ғылым» секциясында ІІ орын, «Жер сілкінісі: себептері мен жол бермеу» атты ғылыми жобаға жетекшілігі үшін арнайы дипломмен марапатталып, сертификатқа ие болды.
|