
|
28 сәуір күні сағат 15.00-де Семей мемлекеттік педагогикалық институттың бас ғимаратында Семей қаласының барлық мектептерінің 11 сынып оқушыларына «Ашық есік күнін» ұйымдастырылды.
Ашық есік күнінің мақсаты: институттың барлық факультетерінде дайындалатын мамандықтар мен ғылыми зерттеу жұмыстарын жайында мағлұматтар беру, әрбір кафедраның жүрг ізіп жатқан ғылыми-зерттеу бағыттарымен таныстыру, факультеттегі үлгі тұтатын ғылым жолындағы алатын салмақты орны бар ұстаздардан мектеп оқушыларының санасына қалатындай естеліктер мен қызықты жайттарын ортаға салып, ғылымның көкжиегінен көрінуге бағыт беру.
«Ашық есік күнінде» факультет басшылары, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар сөз сөйлеп, әр кафедра ма мандықтар бойынша сол мамандықтарға түсу шарттары мен оқу жайы және оқуды аяқтаған соң жұмысқа тұру мүмкіндіктері жайлы өз презентациясын көрсетіп, таныстырды. Аталған іс-шара барысында «Қазақстан туденттер Альянсы», «Жас Отан» ЖҚ, «Жастар ісі жөніндегі комитет» атты жастар ұйымдарының студенттері белсенді үлес қосты.
Жоғарғы сынып оқушыларының біразы кездесуге сынып жетекшілерімен және ата-аналарымен келді. Кездесу барысында оқушылар грантқа қалай түсуге болатыны, оқыту әдістері, сондай–ақ студенттерге арналған іс-шаралар туралы, жалпы жас түлектердің көкейінде жүрген сұрақтарына толық жауап алды.
Институттың баспасөз қызметі
|