
|
14 наурыз күні Семей мемлекеттік педагогикалық институттың «Қазақстан студенттер Альянсы» штабы және Қазақ филологиясы факультетінің «Шабыт» шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Аталмыш сайысқа институттың жастар ұйымдарының мүшелері және өнерлі жастары (әншілер, ақындар) қатысты.
Байқаудың басты мақсаты – институтымыздың белсенді жастарын басқа қырынан таныту, белсенді студенттер арасында достастық қарым-қатынасты нығайту, жан-жақты болуға тәрбиелеу, студенттерді сынау және ең өнерлі жұпты анықтау.
Сахнада 6 жұп өнерін ортаға салды. Әр жұп бір жастар ұйымының мүшесінен және өнерлі студенттен құралды. Байқау екі бөліммен тұрды, алдымен өнерлі жұптартар ән орындаса, одан кейін сахналық қойылым арқылы поэзия жанрында өлең оқыды.
Сайыс соңында физика-математика факультетінің студенты Молдыбаев Фархат және тарих-филология факультетінің студенты Дарибаева Гүлнар институттың «Екі жұлдызы» атанды.
Институттың баспасөз қызметі
|