ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















   Семей мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетінің оқытушылар және студенттер ұжымы «20 жылдыққа 20 қайырымды іс-шара» акциясының аясында мемлекеттік мекеме «Көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларының балаларына арналған интернаттың» 10 оқу озаты мен тәрбиешілеріне қарашаның 12 жұлдызында институттың театр күніне орай «Тендірге түскен әйел» атты қойылымға тегін билеттер таратылды. Қоғамда орын алған парақорлықтың адам өміріне тигізетін кесірі қойылымда өте сәтті сомдалған. Бұл көрсетілім болашақ жас мамандарға осындай қылмысты істерден аулақ болуға және онымен күресуге өз үлесін қосады.
Аталған интернат оқушыларына осындай маңызы мен мағынасы бар қойылымды көруге мүмкіндік жасалғанына оқушылар мен тәрбиешілер өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Алдағы уақытта осындай игілікті іс-шара өз жалғасын табады.