
|
2011 жылдың 23 қарашасында физика және информатика кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Математика» мамандығының 2, 3 курс студенттеріне арналған «Компьютерлік графика», «Компьютерлік модельдеу» элективті курстарының презентациясы болып өтті. Презентацияға физика және информатика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор С.С.Маусымбаев, математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі ф.м.ғ.к., доцент О.М. Жолымбаев, физика және информатика кафедрасының профессор м.а., п.ғ.д., Б.А.Мукушев, эдвайзерлар Ж.С.Мешетова, Э.Т.Бахтинова және «физика және информатика», «математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедраларының оқытушылары мен «математика» мамандығының 2,3 курс студенттері қатысты.
Физика және информатика кафедрасының аға оқытушылары п.ғ.к. И.С. Мусатаева, И.В. Павлов, А.А.Абишова, А.Б.Тлеубаева, оқытушы Б.Н.Орынбаевтар «Компьютерлік графика», «Компьютерлік модельдеу» элективті курстары бойынша презентациялар өткізді.
Аталған пәндерді оқытудың мақсаты мен міндеттерін, пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің компьютерлік графика жүйесін меңгеруі, Corel Draw, Adobe Photoshop графикалық редакторларымен, Corel RAVE, 3D StudioMax программаларымен, «Компьютерлік модельдеу» элективті курсы бойынша математика мамандығында оқитын студенттерге болашақта маман ретінде жалпы білім беретін орта мектеп жүйесінде математика пәнін оқытуда 3d Max ортасында модельдеу мүмкіндіктерін қолдану, оны игеруге үйрету, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жасалған бейнероликтеріне студенттер қызығушылық танытты.
|