
|
22.11.2011ж. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай Семей мемлекеттік педагогикалық институтының №2 жатақханасында психология - педагогика факультетінің аға кураторлары Чагиева Г.А.,Уакбаев М.Б. «Ертеңі елдің-ертегі» атты мерекелік кеш өткізді.
Кештің мақсаты: жастардың рухын көтеру, өнер білімге ынталандыру.
Кешке психология-педагогика факультетінің деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кабдуалиева А.Ж., тәрбие ісінің маманы Умбетбаев Ш.А. жатақхананың тәрбиешілері, және жатақханада туратын барлық факультетінің студенттері қатысты. Мерекелік кеште институтымыздың талантты жастар өз өнерлерін көрсетті.
Студенттер қызықты ойындар ойнап, ұлағатты сөздер тындап мерекелік кештен рухани азық алып қайтты.
|