ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















   2011 жылдың 11 қазанында Семей мемлекеттік педагогикалық институтында Францияның Жалпы және Жоғары білім Министрлігі, Халықаралық Педагогикалық Зерттеулер Орталығының делегациялары,  Білім Департаментінен Мишель Монсорэ мырза мен  Халықаралық жобалар үйлестірушісі Лиза Биданова ханымның сапармен келуіне байланысты  Халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. СМПИ мен Француз Педагогикалық Зерттеулер Орталығы арасындағы әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды.
    Меморандумға СМПИ ректоры, профессор Мейір Ескендіров пен Францияның Халықаралық Педагогикалық Зерттеулер Орталығының бас директоры Франсуа Перрэ мырза қол қойды.
    Франция Педагогикалық Зерттеулер Орталығы білім жүйесіндегі баcқарушы қызметкерлер мен оқытушыларды даярлау және қайта  даярлау жүйесі бойынша Евроодақ пен Оңтүстік жартысында білім бағдарламаларын сертификациялау мен сапасын бағалауда дүниежүзілік жетекшілер ішіндегі ең үздігі болып табылады.
    Семей мемлекеттік педагогикалық институтында Франция университеттерінің алдыңғы қатарлы ғалымдарын  тарта отырып , Франция Халықаралық Педагогикалық Зерттеулер Орталығының орыс және қазақ тілдеріне  аудара отырып,  кәсіптік тренингтер түрлері өткізіледі деп күтілуде, соңынан  Қазақстанның жоғары және орта білім беру жүйесі қызметкерлеріне халықаралық үлгідегі сертификаттар беріледі. Сонымен бірге білім саласындағы қазақстандық мамандар Франциядағы осы Орталықта дәріс ала алады. Әріптестік туралы Меморандум Қазақстанның білім беру қызметкерлерін қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру жағынан болашақ бағыттарды алға қойып отыр. Құжат қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді. Жақын арадағы 3 жылға арналған жоспар жасалынып қойылды.