
|
Ағымдағы жылдың 9 наурыз күні №3 оқу ғимаратының спорт залында факультет студенттері және профессор-оқытушылар құрама командалары арасында футзал ойынынан жарыс өтті.
Адамның салауатты өмір салтын ұстану және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау принципі – Семей мемлекеттік педагогикалық институтының дене шынықтыру, денсаулықты нығайту бағытындағы басты жұмыстары болып табылады.
ЖОО-ның Спорт және дене шынықтыру кафедрасы кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенттін сайлау науқанының аясында ең бұқаралық спорт түрі - футзалдан сайыс ұйымдастырып отыр.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: І орынға - Жаратылыс ғылымдары факультеті, ІІ орынға - Физика-математика факультеті, ІІІ орынға - Қазақ филологиясы факультеті ие болды. Жеңімпаз командаларды «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының қалалық штабы грамоталармен марапаттады.
|