
|
Физика және информатика кафедрасында Ғылым күні мерекесіне арналған іс-шаралар өткізілді. «Физика» және «информатика» мамандықтары бойынша 1-4 курс студенттеріне арналған «Кафедра оқытушыларының ғылыми еңбектері» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. «Физика» мамандығы бойынша Т-322 топ студенті, студенттердің ғылыми қоғамының мүшесі Жумабеков Асхат өткізілген «20 жылдағы ғылым жетістіктері» тақырыбында баяндама жасаса, осы топтың студенті Кашикбаев Эржан «Жердің магнит өрісін зерттеу» тақырыбына презентация жасап, өзі құрастырған физикалық приборлармен таныстырды. Кафедраның профессоры, п.ғ.д. Б.А.Мұқышев интерактивті тақтаның көмегімен «Мектеп оқушыларының ғылыми-практикалық шығармашылығының даму мәселелері» тақырыбында ой қозғап, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесіне жан-жақты тоқталды, кафедраның профессор-оқытушылар құрамының республикалық және халықаралық деңгейдегі осы саладағы жеткен жеткен жетістіктерімен, оқушылардың ғылыми жобаларымен таныстырды. «Ғылым күніне» арналған іс-шаралар 1-2 курс студенттерінен құралған «Алғырлар» мен«Тапқырлар» топтарының арасында аға оқытушы, п.ғ.к. Ж.К.Сыдыкованың ұйымдастыруымен «Ғылым мен білім жастардың қолында» тақырыбында өткізілген интеллектуальдық сайыста жалғасын тапты. Институттың бас ғимаратында өткізілген Ғылым күні мерекесіне арналған жиында Т-322 топ студенті Жумабеков Асхат «Бәсекеге қабілетті маман дайындаудағы ғылымның ролі» тақырыбында баяндама жасады. Қараша айында институтішілік студенттер арасында өткізілген әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша инновациялық ғылыми жобалар сайысының қорытындысы бойынша «физика» мамандығы бойынша Т-322 топ студенті Жумабеков Асхат 1-орын (ғылыми жетекшісі п.ғ.д., профессор С.С.Маусымбаев және ф.м.ғ.к. Нұрабаева Г.У.), Т-141 топ студенті Кәрім Асхат 2-орын (ғылыми жетекшісі п.ғ.д., профессор Б.А.Мұқышев), Т-244у тобының студенті Даулетова Зарина 3-орынға (ғылыми жетекшісі оқытушы Б.Н.Орынбаев) ие болып, дипломдармен марапатталды және қаржылай сыйлықтарға ие болды.

|