
|
Институт қабырғасында тәрбие жұмысын жандандыру мақсатында 2010-2011 оқу жылында институт ректоры Мейір Ескендіровтің қолдауымен, тек тәрбие жұмысмен ғана айналысатын 10 аға куратор және 6 жатақхана тәрбиешісі жұмысқа алынған болатын. Кураторлар кеңесінің мүшелері студент жастармен тәрбие жұмысын жүргізу туралы ғылыми зерттеулер жасайды. Кеңестің құрамында ғалымдар, факультет декандары, кафедра меңгерушілері бар. Аталған кеңестің жұмысын әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Е.Қ. Есенжолов басқарады. Кеңес барысында Семей мемлекеттік педагогикалық институтында 2010 жылдың 25 тамыз және 2011 жылдың 1 шілде аралығында өткізілген негізгі іс-шараларға есеп берілді және осы уақыт аралығында тәрбие бағытында 163 сапалы шара ұйымдастырылғаны есеп тыңдалды.
Кеңестің күн тәртібінде қарастырылған негізгі мәселе - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы бойынша өткізілетін іс – шаралар жоспары және 2011-2012 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жөніде ойлар тыңдалып, талқыланды.
- Институмыздағы тәрбие жұмыстарын 4 бағытта жүзеге асырамыз: ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз ету; азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбиемен қамтамасыз ету; азаматтық-рухани тәрбие; студенттердің бойында сапалы қасиеттерді қалыптастыру және жас таланттарды қолдау болып табылады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы бойынша өткізілетін іс – шаралар жоспары жөнінде жасалған тәрбие жұмыстары бөлімнің бастығы Р.М. Рахматулинаның баяндамасы үлкен ықыласпен тыңдалды
Тәрбие бөлімінің маманы Шыңғыс Үмбетаев
|