ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















       30 наурыз күні сағат 15.00-де Семей мемлекеттік педагогикалық институтының № 3 ғимаратында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Студенттік көктем-2011» фестивалінің салтанатты ашылуы өтті.
      Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мейір Ғариполлаұлы Ескендіров «Студенттік көктем-2011» фестивалі
мерекесінің қарсаңында «Президенттің тегін білім алу грантына» ие болған 12 студентке сертификаттар табыс етті.
«Студентт
ік көктем - 2011» фестивалінің мақсаты – студенттердің уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру, саяси сауаттылықты арттыру. Аталмыш іс-шараның аясында көктем айларында:
1.«Институт ар
уы» байқауы;
2.«Күлкі думан» театрының күлкі күніне арналған мерекелік қойылымы;
3.«XXI ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық ойыны;
4.«Жігіт сұлтаны» байқауы;
5.«Қазіргі зама
н ұстазы» байқауы;
6.«Денсаулық-зор байлық» спорттық ойындар – институт ішінде және қалалық деңгейде жоспарлы түрде жүзеге асырылады.
2011 жылдыњ 3 сәуір күні  мерзімнен бұрын Президент сайлауы өткізіледі. Осыған орай мерекелік шара барысында ең алғашқы рет сайлау құқығына ие болып, дауыс беретін жастардың салтанатты шеруі болды. Сонымен қатар «Нұр Отан» ХДП-ның Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдау штабыныњ төраға орынбасары жастарға ақпараттық парақтар таратып, тілектер айтты.
      Шара барысында Семей қаласының «Нұр Отан» ХДП филиалының «Жас Отан» Жастар қанаты бастамасымен студент жастардың сайлауға белсенді қатысу мақсатында «Өзіңді сайлаушы ретінде оят!» атты флэш-моб ұйымдастырылды. Барлық залға жиналған қауым бір мезетте 20 сеундқа барлығы ұялы телефондарының ояту әуенін қосып, содан кейін студенттер: «Болашақ үшін дауыс береміз!», «Дауыс беруге дайынбыз» деп ұрандады.
     Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мәдениетінің дамуына, ұлттық құндылықтардың кеңінен насихатталуына қосар өзіндік үлесі мол. Өзгені қайталамайтын ерекше қолтаңбасы арқылы тыңдармандар сүйіспеншілігіне бөленіп, шығармашылық ізденіс пен еңбекқорлықтың үлгісін көрсетіп жүрген. «Жаса, мәңгі қазағым», «Жақсы-жаман», «Талдықорған», «Ақ тілек», «Семейім», «Өкінбе», «Сен ғана» әндерінің авторы – әнші, ақын, композитор Естай Тұрсынұлы Әлікеев жастар алдынба өз өнерін көрсетті.
      Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында 1000-ға жуық студенттер «Қара жорға» биін биледі.  

Институттың баспасөз қызметі