ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















        2011 жылдың 13 мамыр күні  сағат 14.30-да СМПИ-нің бас ғимаратында «ҚР ардагерлер ұйымы» ҚБ ШҚФ және Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастырумен  «Ұлы Жеңіске сенің жақындарыңның да үлесі бар» атты 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 66 жылдығына арналған облыстық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш іс-шарада І-ші, ІІ-ші, ІІІ-ші дәрежелі дипломдар және барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.  Бұл конкурсқа облыс көлемінде жалпы саны 300-ге жуық мектеп оқушыларының жұмыстары қатысты.
       Конкурсқа Семей қаласы әкімінің аппаратының, ішкі саясат бөлімінің және білім бөлімінің өкілдері, Семей қаласының ардагерлер кеңесінің өкілдері, Семей қаласының соғыс және тыл ардагерлері қатысты.
       Конкурстың мақсаты:
 - Тарихи жаднаманы, азаматтық және патриоттық сезімді, жеңімпаз елдің және өзінің туған елінің тарихына деген қызығушылыққа тәрбиелеу;
- 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының ауыртпалығын басынан кешкен ұрпақтың соғыс пен еңбектегі ерліктеріне құрметпен және іждағаттылықпен  қарауды қалыптастыру;
- Аға буынның және Қазақстан халқын құрайтын барлық этнос өкілдерінің ұлы Жеңіске қосқан үлесінің адамгершілік, тәрбиелік әлеуетін қолдану; дарынды оқушылар мен шығармашылық қабілеті бар студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.
       Конкурс төрт аталым бойынша өткізілді: екі жас ерекшеліктеріне байланысты және екі тілдік: Орта мектептің 7-9 - сынып оқушылары (қазақ және орыс тілі). Жоғары сынып оқушылары және жоғары оқу орны және колледж студенттері (қазақ тілі және орыс тілі).
     Жеңімпаздарды Семей мемлекеттік педагогикалық институтының дипломдарымен және «ҚР ардагерлер ұйымы» ҚБ ШҚФ бағалы сыйлықтарымен марапатталады (4 аталым бойынша 1-3 орын).
Институттың баспасөз қызметі