
|
6 сәуір күні Семей мемлекеттік педагогикалық институттың бас ғимаратының акт залында тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлімі, Жастар ісі жөніндегі комитеті және жаратылыстану ғылымдары факультетінің ұйымдастыруымен «Студенттік көктем - 2011» фестивалінің аясында «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – институттағы жігіттердің талантын бағалау; қазақтың байырғы салт-дәстурлерін насихаттау және қайта жаңғырту; салауатты өмір салтын қалыптастыру; отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сайысқа Семей мемлекеттік педагогикалық институтының әр факультетінен күндізгі бөлімде оқитын 1-курс жігіттері қатысты.
Байқау 6 турдан тұрды:
1. «Жас мер ген» (оқ ату сайысы);
2. «Күш атасын танымас» (күрес, қол күрес, арқан тарту);
3. «Таныстыру» (өлең, поэзия, сахналық қойылым);
4. «Өз өнерін көрсету» (жан-жақты талантын көрсету);
5. «Қызға сөз салу» (әдеби шығармадан үзінді, роль сомдау);
6. «Бата беру» (әртүрлі мерекеге байланысты)
Өзінің өнері мен қазақ жігітіне сай қасиеттерімен қазылар алқасының көңілінен шыққан педагогика-психология факультетінің студенті Мұрантқан Қуантқан «Жігіт сұлтаны» байқауының бас жүлдесіне ие болды. Ол енді қалалық «Жігіт сұлтан - 2011» байқауына жолдама алып, институттың намысын қорғайтын болады.
Институттың баспасөз қызметі
|