ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойы қарсаңында «20 жылдыққа 20 қайырымды іс-шара » акциясының  өту аясында Семей мемлекеттік педагогикалық институты физика-математика факультетінің  деканы Г.Е. Берікханова, тәрбие жөніндегі  орынбасары А.А. Абишова,  аға кураторлар Б.С. Оралбекова, Г.М. Абжанова және студенттердің ұйымдастыруымен қараша айының 30-шы жұлдызында
 «Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге  арналған жалпы  үлгідегі медициналық әлеуметтік мекемеге»,   «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан!» атты әдеби-музыкалық мерекелік концерттік бағдарламасы  өткізілді.  Тәуелсіздіктің 20 жылдығына өлең - жырлар оқылып, Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толуына байланысты көрініс көрсетіліп,   концерттік бағдарламен жалғасты. Мерекелік  концерт  жылы шығыармашылық  ортада өтті.Осы шараны тамашалаған  қарт аталарымыз бен,  ақ жаулықты аналарымыз көңіл күйлерінің жоғары болғандығын, үлкен әсер алғандығын айтып, студенттерге    ақ жол тілеп, жылы лебіздерін, ақ баталарын берді.  Іс-шараны ұйымдастырушыларға мекеменің ұйымдастырушысы Исаева Лариса Григоревна шын  жүректен ризашылығын білдірді.