ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















  Семей мемлекеттік педагогикалық институтында 2010 жылдың 19 - 21 қазан аралығында «Мектепке дейінгі тәрбие: жағдайы, бағыттары және болашақтағы дамуы» атты  халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

  Конференция  мақсаты Қазақстан республикасы бойынша балаларға мектепке дейінгі білім беру мәселелері және болашақтағы дамуы бойынша өзекті сұрақтарын талқылау, мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық үдерісті қамтамасыз ету, оларды тиімді басқару. Дамуында ерекшеліктері бар мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларымен қамтылмаған балаларды психологиялық-педагогикалық қамтамасыздандыру және коррекциялық көмек көрсету мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасында дамуында ерекшеліктері бар мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларымен қамтылмаған балаларға арналған конфренция алғаш рет өткізілді.
  Форумның жұмысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі, БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының өкілдері, алыс және жақын шетелдерден (Ресей, Белоруссия, Армения, Англия и және т.б.), Қазақстанның түрлі аймақтарынан педагог ғалымдар, педагог мамандарының біліктілігін арттыру институттарының, мектепке дейінгі ұйым педагогтары, білім басқармаларының  өкілдері қатысты.
Қатысушылар ғылыми-практикалық конференцияның жұмыс бағыттары бойынша 200 жуық баяндамалар ұсынды.
  Конференцияның бағдарламасы бойынша пленарлық мәжіліс және дискуссиялық алаңдардың жұмысы пікірталас алаңдары, мастер-класс, семинар, дөңгелек үстел формасында жүргізілді.
Пленарлық мәжілісте Армениядағы білім беру бағдарламасының координаторы ЮНИСЕФ - Альвард Погосян және Англия өкілі, Рэдингск университетінің профессоры Доктор Джефф Таггартпен он-лайн режиміндегі телемост орнатылды.
  Конференция жұмысының екінші бөлімінде конференция қатысушылары интерактивті әрекеттесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында және 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына сәйкес өңделген «Балапан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында балалардың мектепке дейінгі білім алу мүмкіндіктерін кеңейту, жаңа Мемлекеттік стандартты жүзеге асыру барысында мектепке дейінгі білім беруді басқару және әдістемелік қамтамасыз етудің қазіргі ұстанымдарын талдауға, еліміз және шетелдегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының құрылуы мәселесі бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
    Ғалымдар және тәжірибелі ұстаздар әртүрлі типті бала-бақшаларда білім беру-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру, оның мазмұны, бағдарламалық қаматамасыз ету өзгешеліктерін, отбасылық тәрбие беру  үрдісін жетілдіру жолдарын қарастырып,  ерекше мұқтаждығы бар балаларға білім беру формаларына талдау жасалды.