
|
Семей мемлекеттік педагогикалық институты 2011 жылдың 24-26 наурыз күндері «ғылымның инновациялық дамуы: басым бағыттары, қарама-қайшылығы және болашағы» атты халықаралық ғылыми практикалық конференция өткізді.
Конференция ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ғылым Комитеті, жаратылыстану ғылымдарының Қазақстандық Ұлттық академиясы, Семей мемлекеттік педагогикалық институты.
Конференция жұмысында Қазақстанның, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Ресей, Украина, Белорусь, Литва, Тәжікстан, Қырғыстанның және тағы басқа мемлекеттердің ғылыми-зертеу академиялық институттары мен жоғары оқу орындарының жетекшісі ғалымдары қатысып, 250-ден астам баяндама жасады.
Пленарлық отырыста Шығыс Қазақстан облысының әкімі, экономика ғылымының докторы, профессор Б.М. Сапарбаевтың «Шығыс Қазақстан облысының инновациялық–индустриялдық дамуындағы ғылымның ролі» тақырыбында баяндамасы тындалды.
Ғылыми форумның қонақтарының арасында Питсбург мемлекеттік университетінің Орталық Азиядағы зерттеулері бойынша Орталығының профессоры Чунг Ли (АҚШ), Джионгсанг ұлттық университетінің вице президенті, профессор Тэ Джонг (Оңтүстік Корея), Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің «Математика және механика» Ғылыми-зерттеу институтының директоры, ұлттық инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Н.Т. Данаев (Алматы қаласы) Қазақстанның педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің жалпы педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Қ. Құсаинов (Алматы қаласы), Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор В.Б. Цой (Новосібір қаласы) және тағы басқалар бар.
Рэдинг университетінің білім беру институтының ректоры, профессор Энди Гудвиннің «Тиімді ақпараттық технологиялар – ғылымның инновациялық дамуының маңызды құралы» тақырыбындағы баяндамасы Онлайн режимінде skype/teleconferencing қызметі арқылы көрсетіледі. (Ұлыбритания-Қазақстан)
Әр елдің ғалымдары баяндамалар мен қатар пікір таластарға қатысып, жоғары оқу орындарының инновациялық әрекетке көшу механизмін құру , білім және ғылымды қолданудың жаңа қаржылық экономикалық құралдарын енгізуді ұсынады. Ғылым және оқыту бағдарламаларын басқаруды модернизациялау, ішкі құрылымды қайта құру, ғылыми техникалық прогрес жетістіктерін ғылыми кадрлар дайындау жүйесіне енгізу, жоғары оқу орындары мен бизнес байланысы туралы сұрақтар да талқыланатын болады.
«Ғылымның инновациялық дамуы: басым бағыттары, қарама-қайшылығы және болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық және секциялық отырыстарының жұмыс нәтижелері бойынша қатысушыларға ғылымның және оның біліммен, өндіріспен интеграциясының одан әрі дамуына бағытталған нұсқаулар берілетін болады.
|