ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















         

Студенттерді ғылыми – зерттеу жұмыстарына араластыру мақсатында,
2011 жылдың қыркүйектің 15-де экология – химия және география пәндері кафедрасында 1-4 курс студенттер арасында жиналыс өткізілді. Жиналыста «Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңы», қазіргі заман талабына сай білім беруде ғылымның ролі мен қызметтері, жеке тұлға болып қалыптасуда ғылымның ролі, ғылымның негізгі жетістіктері және оның болашағы, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысының мәні оқу процесінің маңызды бір бөлігі, ғылыми – зерттеу конференцияларына және ғылыми жұмыстарға қатысуы, ғылыми – зерттеу жұмыстарының республикалық және жоғарғы оқу орындары өткізетін конкурстарға қатысуы, біздің институт  өткізетін жаратылыстық ғылымдар және гуманитарлы - әлеуметтік ғылымдар бойынша студенттік конкурстың инновациялық жобалар ережесін талқылау сияқты. мәселелер қарастырылды

Кафедра студенттері мамандану және жеке тұлға болып қалыптасуда ғылыми – зерттеу жұмыстарының маңыздылығын талқылауға белсенды қатысты және ғылым жайында сұрақтар қойып қызығушылық танытты.