
|
2011 жылдың 20 сәуір күні сағат 10.00-де СМПИ-нің бас ғимаратында Семей қаласы әкімдігі, Семей мемлекеттік педагогикалық институты және «Қазғылым» ғылыми орталығының ұйымдастыруымен бірінші аймақтық «МЕКТЕП-ЖОО: бірыңғай білім беру кеңістігі» атты көрменің ашылуы болды. Көреме 20-21 сәуір аралығында өтті.
Көрменің салтанатты түрде Семей қаласының білім бөлімінің бастығы З.Р.Исабаеваның және Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ғыл ыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, биология ғылымдарының докторы, профессо М.С.Паниннің лента қиюынан басталды.
Көрменің мақсаты: білім берудің қазіргі бағыттары мен болашақ дамуын анықтау; білім беруді модернизациялаудың позитивті нәтижелері туралы объективті нақты ақпарат кеңістігін құру; үздіксіз білім беру жүйесінде оқу үрдісін ұйымдастыру үшін жаңа технологияларды және оқыту құралдарын демонстрациялау.
Көрмеге барлығы 30-дан аса білім беру мекемелері қатысты. Олар жалпы білім беретін орта мектептер, мектеп-гимназиялар және М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі сондай-ақ, аудандардан Тарбағатай аудандық білім бөлімі, Бородулиха ауданының білім бөлімі, Абай ауданынан Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектеп, Үржар ауданынан Ақтанберді атындағы орта мектеп, Жарма ауданынан К.Шәкенов атындағы орта мектеп пен Абай атындағы мектеп-гимназиясы.
«МЕКТЕП-ЖОО: бірыңғай білім беру кеңістігі» көрмесі аймақтың білім беру мекемелеріне өздерінің білім және ғылым жүйесіндегі жетістіктерін көрнекті түрде барынша жан-жақты көрсетуге мүмкіндік берді.
Көрмеде Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін сапалы дайындаудағы ЖОО қызметінің нәтижелері көрсетілді.
Көрме нәтижесі бойынша білім беру мекемелері «Мақсатты бағдарламаларды енгізгені үшін», «Қазіргі заманғы технологияларды енгізгені үшін», «Инновациялық талдамалар енгізгені үшін», номинациялары бойынша марапатталды.
«Интеллект» орталығы 11-сынып оқушыларына ҰБТ бағдарламасы бойынша ақысыз сынама тестілеу өткізіп, оған әр мектептен 20 оқушыдан қатыса алды.
Институттың баспасөз қызметі
|