
|
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының конференц-залында 2010 жылдың 13 желтоқсанында Студенттердің ғылыми кеңес мүшелері мен төрайымы Байбулова Мадинаның ұйымдастыруымен «ҒЫЛЫМ – КЕМЕЛ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ!» атты тақырыпта дөңгелек стол өткізілді.
Өткізілген шараның мақсаты: студенттерді ғылыми зерттеулерге тарту және әртүрлі үлгідегі ғылыми шығармашылығын дамыту.
Дөңгелек столда мынандай екі негізгі баяндама тыңдалды:
1. Алимбаева Жібек, П-226 топ
Пусть верный наставник твой будет – наука!
2. Исабай Айқын, И-131
ҚР соңғы ғылыми мәліметтер.
Баяндама оқылғаннан кейін қазіргі кезеңдегі ғылымның маңызы, ғылымның даму тарихы мен жалпы түсініктері, студенттердің ғылымға деген әрекеті, ғылыми – зерттеу жобаларының дамуы, олардың салалары қызу талқыланды.
Семинарда СҒК мүшелері, жастар ұйымдарының белсенділері қатысты:
– «НурОтан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты – Балтабеков Еркебұлан,
– «Студенттер Альянсы» студенттік омбудсмен – Ульянов Бердибек,
– Жастар саясаты комитетінің төрағасы – Шоқабаев Мейржан,
– Институт факультеттерінің студенттері.
|