ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















         20 маусым күні сағат 10:00-де бас ғимаратта Семей мемлекеттік педагогикалық институты және Питсбург мемлекеттік университеттерінің (АҚШ) бірлесе ұйымдастыруымен «Ағылшын тілін тереңдете білу бағдарламасы» атты тақырыпта Халықаралық жазғы тілдік лагерінің салтанатты ашылуы болады.
       Лагерьде сабақты арнайы АҚШ-тан келген жоғары дәрежелі оқытушылар жүргізеді. Әлемдік стандарттарға сай ұйымдастырылған жазғы лагерь институт студенттеріне ағылшын тілін меңгеруде өлшеусіз көмек болары сөзсіз. Осындай мүмкіндікке Семей мемлекеттік педагогикалық институтты Питсбург университеті (АҚШ) және Джионгсанг ұлттық университетімен (Оңтүстік Корея ) екі жақты келісім шарт жасау арқылы қол жеткізіп отыр.
        Оқу ұзақтығы - 7 күн. Күнделікті сабақ сағат 10:00-да басталып, 16:00-ге дейін сабақ жалғасады. Дүйсенбі-бейсенбі күндері сабақ СМПИ-нің бас ғимаратында өтеді, ал жұма-жексенбі күндері студенттер лагері 3 күн бойы СМПИ-нің жазғы базасында өткізіледі. Оқу  соңында арнайы сертификаттар беріледі.
Институттың баспасөз қызметі