|

|
2011 жылы 12 қазаннан бастап Семей мемлекеттік педагогикалық институтында Рэдинг Университетінің көшпелі магистратурасы өз жұмысын бастады. Рэдинг Университеті Ұлыбританиядағы 20 беделді университеттердің бірі болып табылады.
Магистратура атауы: «Білім беру – мемлекеттің тұрақты дамуы жолында» (Білім Магистрі -MA Ed).
Оқытушылар – Рэдинг Университетінің профессорлары. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Магистранттар тілдік деңгейлерінің жоғары екендігін халықаралық тест түрлері TEEP және IELTS арқылы дәлелдеді. Оқу мерзімі- екі жыл. Оқу соңында магистранттар диссертация қорғайды және білім беру Магистрі дәрежесін алып шығады.
Халықаралық аккредитациядан үздік өткен беделді Британ университетінің дипломы оның иегеріне әлемдегі мемлекеттердің кез келген жерінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Білім беру жүйесіндегі халықаралық эксперт дәрежесі бітіруші магистрантқа әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті әрі сұранысқа ие маман екенін дәлелдейді.
Білім берудегі жаңашыл технологиялар және электронды оқыту формалары – e-learning – оқу процессі енгізілген. Магистранттар Рэдинг университетінің электрондық кітапханасын қолдана алады. Әр магистрант өзінің жеке код сайтына жіберілген тапсырмаларды орындайды және онлайн тьюторлармен байланыста болады, әрі видео-конференциялар мен пікірталас түрлеріне қатысады.
Аталған жобаның бірінші модулі өз жұмысын жалғастыруда. Модуль кезінде студенттер электрондық оқуға қажетті білім дағдыларын қалыптастыруда. Екі жыл аясында студент Ұлыбританиялық жұптасымен бірігіп ортақ ғылыми жобаны жүзеге асырады. Берілген жоба педагогикалық білім беру саласында мамандар даярлау мақсатындағы жаңашыл халықаралық жоба болып есептеледі, ескере кетерлік жайт, Қазақстан мемлекеті осындай мамандарға зәру. Екі жылдан кейін бірінші түлектер алған білім және дағдыларын орта және жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде жаңаша реформалар енгізу арқылы іс-жүзіне асырады. Аталған халықаралық білім берудің жаңашыл жобасы педагогика саласында мамандар даярлауға бағытталған. Жоба Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесіндегі бірізді реформалардың нәтижесі болып есептеледі.
|
|
|
Семей мемлекеттік педагогикалық институты © 2012
|
|
|