ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















   Нағыз ғалым болу оңай емес. Нағыз ғалымның нағыз азамат болуы да сирек. Манаш Қабашұлы, нағыз ғалым болумен бірге нағыз азамат болған тарихшы, зерттеуші, педагог, ірі тұлға. М. Қозыбаев – көп қырлы, тарих пен бүгінгі күннің өзара байланысын нәзік сезінетін зерттеуші. Оның қоғамдық сұранысты дәл басып, кеңестік ұжымдастыру, 30-жылдардағы ашаршылық, тоталитарлық биліктің шағын халықтарды зорлықпен Қазақстанға қоныс аударуы, 1986-жылғы желтоқсан оқиғасы сияқты күрделі тақырыптар бойынша жазған зерттеу еңбектері фактілік байлығымен, автордың жасаған тұжырымдарының тың, әрі батылдылығымен көңіл аударып, бұл ғылыми тақырыптарға жас зерттеушілердің  ден қоюына себепші болғандығын жақсы білеміз.
   Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың туылғанына 80 жыл толып отыр. Соған орай үстіміздегі жылдың 23 қараша күні сағат 15.00-де СМПИ кітапханасы, тарих-филология факультеті, тарих-филология факультетінің кіші деканатының ұйымдастырумен «АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВ – ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ» атты дөңгелек үстелі өтті. Бұл дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты:  Манаш Қозыбаевтың өмірбаянымен таныстыра отырып, академик, тарихшы, зерттеуші ретінде жастарымыздың санасында қалыптастыру; академиктің ғылым жолындағы еңбектерін қарастырып, талқылау. Газизова Н.С.- п.ғ.к., доцент, тарих-филология факультетінің деканының м.а. және Мухамеджанова Р.Ж. – т.ғ.к., доцент, «Тарих» кафедрасының меңгерушісі кіріспе сөз сөйлеп тарихшы туралы студенттеріміздің ойын одан әрі дамыта түсті. Баяндамашылар тақырыпқа сай баяндамалар оқып, тақырыпты аша білді. Исабай Айқын – ТФФ-нің 2 курс студенті, «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы. Манаш Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы; Серікқан Еркебулан – ТФФ-нің 1 курс студенті. Академик М.Қозыбаев және тарих білімінің мәдени-өнегелік әлеуеті; Шарафудинова Гульфия – ТФФ-нің  4 курс студенті. Козыбаев Манаш – основатель историософии независимого Казахстана, ученый – гуманист; Қалиаскарова Ельназ – ТФФ-нің  2 курс студенті. Қозыбаев феномені: Қазақстан тарихын жаңа тұрғыдан зерделеу. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті. Дөңгелек үстелге ТВК-6 телеарнасының журналистері қатысты. Осы дөңгелек үстелге келген әр адам өзіне рухани азық алып, жаңа тың ойларымен бөлісті.