ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















    Қазан айының 22 жұлдызында «Туған ел – алтын бесігім» акциясы аясында Семейдің Өскемендегі күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Семейдің бірнеше мәдени орталықтарымен қатар Семей мелекеттік педагогикалық институтының студенттері мен оқытушы, басшылықтары Өскемен қаласына барып-қайтты.
Мерекелік салтанатта Семей қаласының өнерпаздарымен бірге институтымыздың жас дарынды, арқалы ақындары туған елге, жерге арналған туындыларын оқығанда сүйсінбеген жан болмады.
Қала, облыс басшылығы бастаған делегация «Күншығыс» кітабының презинтациясымен танысты. Семей мемлекеттік педагогикалық институты құрған киіз үйге бас сұғып, ақ дастарханнан дәм татты.
Семейліктермен қатар институтымыздың атынан барған студенттер мен оқытушылар Семей қаласының мәдени күндеріне арналған мерекелік кештен ерекше әсер алып қайтты.
Өнеріміздің өркендеп, институтымыздың гүлденуіне бұл акцияның тигізер әсері мол деген сенімдеміз.