ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















  2011  жылдың 5 – 6 желтоқсанында  Астана қаласындағы «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған Білім және ғылым министрі Б. Т. Жұмағұловтың және  Назарбаев интеллектуалдық мектебінің президенті К.Н. Шамшидинованың қатысуымен «Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлер мен өзгерістер» тақырыбында халықаралық ғылыми – конференция өтті. Конференция модераторы - Назарбаев интеллектуалдық мектебі.
Конференцияның мақсаты қазақстандық мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесін үздік халықаралық тәжірибе арқылы дамыту мәселелерін талқылау.
  СМПИ Педагог мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығының директоры б.ғ.к., доцент Г. С. Сапарова «Үздіксіз біліктілікті арттыру арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру» тақырыбында және қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент А. С. Ақтанова «Болашақ мамандарға ұлттық тәрбие берудегі қазақ әдебиеті пәнінің орны» тақырыбында баяндама жасады.