
|
2011 жылы 1 қарашада №3 оқу ғимаратында х.ғ.к. жаратылыстану факультетінің деканы Ибраева Л.С. кездесу кеші өтті. Іс-шараны кітапхана мен жаратылыстану факультетінің оқытушылары мен студенттері бірге ұйымдастырды.
Людмила Сабитовна әрбір адам өміріндегі мамандық таңдау мен ұстаздың ролі туралы, Қазақстанның көне оқу орны Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-да өткен өзінің студенттік жылдары жайлы, ғылыми қызметінің бастауы және Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасындағы оқыған кездері жайлы айтып, студенттердің көптеген сауалдарына жауап берді. Іс-шараға Людмила Сабитовнаның шәкірттері бүгінде осы институтта оқытушы болып жүрген Касымова Ж. және
Поливкина Е.Н. қатысты.Олар Людмила Сабитовна жайлы жылы лебіздерін білдіріп, тәжірибелі ұстаз бен оқытушы екендігін атап айтты. Іс-шараны ұйымдастырушылар Ибраева Л.С. ғылыми еңбектерінен кітап көрмесін әзірлеп,слайдтар көрсетті. Людмила Сабитовна сүйікті мамандығына шексіз берілген, ұстаз даналығын аша білді.
|