
|
2011 жылдың 4-6 қазан аралығында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың магистранттарға Назарбаев шәкіртақысын тапсыру салтанатындағы сөз сөйлеуін Семей мемлекеттік педагогикалық институты факультеттеріндегі профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері арасында талқылау мақстатымен жиналыстар өткізілді. Осындай жиналыс 2011 жылдың 6 қазанында ЖОО магистранттары арасында өткізілді.
Факультет декандары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауапты оқытушылар Елбасының сөз сөйлеуіне толық саралау жүргізді. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның ғылым, білім және мәдениет саласындағы дамуы бойынша нақтылы мысалдар келтірілді. Жас дарынды кадрлардың ғылымдағы жетістіктері мен олардың Республиканың дамуындағы рөліне басты назар аударылды.
Институттың әлемдік білім кеңістігіне енуіне байланысты қызметі: шетелдің АҚШ, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Франция мен Ресейдегі жетекші университеттерімен екі жақты серіктестік келісімдерінің нығаюы бойынша жүргізілген жұмыстары аталып өтілді.
Институттың дарынды магистранттарына ерекше көңіл бөлінеді: кафедраларда орналастыру, түрлі конференциялар мен ғылыми форумдарға іс-сапарға жіберу, марапаттау сияқты іс – шаралар жүргізіледі. Студенттер мен магистранттарды магистратура, PhD докторантурасы, сонымен бірге «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуларына мүмкіндік тудыру мақсатымен үнемі дайындық жұмыстары және мемлекеттік, шетел тілдерін оқыту курстары жүргізіледі.
|