ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















  2011 жылдың 9 қарашасында ғылым, халықаралық байланыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі факультет декандары, кафедра меңгерушілері, ғылым және ғылыми білім беру орталықтарының жетекшілерімен  өткізілген семинар-жиналысында ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, б.ғ.д. профессор М.С Панин 2011 жылдың 4 қарашасында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінде ғылым мен білім саласындағы халықаралық байланыс сұрақтары бойынша өткен  Республикалық семинар-жиналысының қорытындысын баяндады.
М.С. Панин өзінің алғы сөзінде республикалық жиналыстың материалдарын ұсынып, оның негізгі кезеңдері слайдта көрсетілді. 
Семинар-жиналыстың қорытындысы бойынша мынадай ұсыныстар қабылданды:
1.    Ғылым, халықаралық байланыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі келісім-шарттар мен ынтымақтастық келісімдерінің жобаларын ҚР Білім және ғылым министрлігімен келісуінің қажеттілігі.
2.    2011-2020ж.ж. ҚР Білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес кафедра меңгерушілері стратегиялық серіктес жоғары оқу орындары мен олармен қызметтестіктегі негізгі бағыттарды анықтап, Ғылым, халықаралық байланыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне ақпаратты 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін өткізулері.
3.    Кафедра меңгерушілеріне халықаралық ынтымақтастық және білім алушылар, оқытушылармен академиялық алмасу және т.б. бағдарламалары бойынша шекараларды кеңейту жұмыстарын белсендіру.
Жиналыста кафедра меңгерушілеріне Семей мемлекеттік педагогикалық институты факультеттерінің кафедралар қызметкерлерінің Ғылыми – зерттеу жұмыстары рейтингісін анықтау әдістемесінің жобасы қарастыру және ұсыныстарын енгізу үшін таратылды.
Сонымен қатар, жиналыста жақын арада шешілуі қажет сұрақтар қарастырылды:
1.    Институттың 2012 ж. жоспарлаған ғылыми – практикалық конференциясының өткізілуі. (Конференциялардың тақырыптары сайттың «Ғылыми жұмыс, конференциялар» бөлімінде);
2.    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған Ғылым мен технология Күніне дайындық барысы және өткізілуі;
3.    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған институттың ғылыми журналдарының Мерейтойлық санының шығарылуы;
4.    Студенттер мен магистранттарға акттік дәріс, оқытушыларға дөңгелек үстел өткізу үшін алыс және жақын шетелдің жетекші ғалымдарының шақырылуы жөнінде;
5.    2011 жылдың 14-23 қарашасы аралығында Қазақстан мен Ресейдің және т.б. жетекші жоғары оқу орындарында магистранттардың сынақ ісінен (стажировка) өтулері жайында;