
|
2011 жылдың 3 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы «Қазақстан жастарын қолдау» жастар қоғамдық бірлестігі мен М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен «Оралмандарды қолдау және олардың қоғамға бейімделуіне көмектесу жөнінде әлеуметтік қызмет көрсету» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Жастар және қазіргі әлем: халықаралық ынтымақтастық контексінде» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Аталмыш конференцияға алыс шет мемлекеттерінен Phd, Питтсбург мемлекеттік университеті, АҚШ-нан К. Мердоки, Phd, Оңтүстік Миссури мемлекеттік университеті, АҚШ-нан Энн Вайман, «Бинго» қоғамдық бірлестігінің директоры, Қырғыз Республикасының Джалалабад қаласынан Адылжан Шамшиев, сонымен қатар Республикамыздың басқа да аймақтары: Орал, Қарағанды, Алматы, Астана, Көкпекті және Жарма аудандарының әр түрлі жоғары оқу орнының студеттері, мектеп оқушылары қатысты.
Конференцияға 89 баяндамалар келіп түскен. Конференцияда адамзаттың толғандырған алуан түрлі күрделі және ауқымды мәселелер талқыланды. Конференцияның баяндамалары конференция жинағында жарық көрді. Конференцияға тарих-филология факультетінің «Құқық және экономика негіздері» мамандығының студенттері: Елеусизова Аяулы, Сүлейменов Олжас, Төлеугазыева Айгерім, Тұрдыакынова Мадина қатысып, алғыс хаттармен марапатталды.
|