
|
Семей мемлекеттік педагогикалық институтында 25 қарашада «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында білім беру мен ғылымды дамытудың болашағы мен негізгі бағыттары» тақырыбында орта білім беретін мектеп директорларына арналған дөңгелек үстел өткізілді.
СМПИ оқу және әдістемелік жұмыстары проректоры, профессор Г.Қ.Искакова дөңгелек үстел жұмысын үйлестіріп, жүргізе отырып еліміздегі жоғары білімді дамытудың негізгі бағыттарын анықтап берді. Дөңгелек үстелге Семей қаласының, аудандардың мектеп директорлары, қаламыздың басқа да жоғары оқу орындарынан арнайы баяндама жасау үшін өкілдер және институттың профессорлық – оқытушылық құрамы қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар білім беруді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, белсенді талқылады. СМПИ мен мектептердің өзара байланыстары туралы екі жақты тәжірибелерімен бөлісті. Шәкәрім атындағы облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп директоры А.М.Аубакированың, СМПИ педагогика кафедрасының аға оқытушысы И.Ш.Фазылбековтың баяндамаларын мұқият тыңдап, аталмыш салада өз ойларын ортаға салды. Нәтижесінде 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытуға қатысты тұжырымдама қабылдады.

|