
|
Наурыз айының 16-18 күндері аралығында Семей мемлекеттік педагогикалық институты және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ бірлесе отырып Қазақстанда алғаш рет «Оқу шылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, оның интелектуалды ұлтты қалыптастырудағы ролі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты Қазақстандағы интелектуалды және бағдарлы мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыс тәжірибелерін жалпылау негізінде «Интелектуалды ұлт - 2020» жобасын іске асыру. Ғылыми тәжірибелерді шоғырландыра отырып, жобаның стратегиялық бағыттарын анықтау.
Қазіргі кездегі мемлекеттік және әлемдік білім беру жүйелерінің ең үздік дәстүрлерін алып, жалпы орта білім берудің инновациялық үлгісін қалыптастыру заман талабы болып отыр. Инновациялық үлгінің міндеті – оқушыларды мектеп қабырғасында-ақ ғылыми-зерттеу және ғылыми сараптау қызметтеріне үйрету және болашақта солардан қоғамның интелектуалды элитасын қалыптастыру.
Форумның жұмысына Астана, Петропавл, Талдықорған, Өскемен қалаларынан ғалымдар, жоғарғы оқу орындарының, бағдарлы орта оқу орындарының және жалпы білім беретін мектеп педагогтары қатысты.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмыс бағыттары бойынша 300-ге жуық баяндамалар ұсынылған болатын.
Конференция аясында пленарлық мәжіліс және пікірталас алаңдары, әртүрлі тақырыптық секциялары жұмыс жасады.
Ғалымдар және тәжірибелі ұстаздар оқу пәндерін игеру үрдісіндегі оқушылардың ғылыми-зерттеу мен ғылыми-жобалық ізденіс барысында туындайтын мәселелерге, оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыратын арнайы мән мұғалімдерін даярлаудағы мәселелерге талдау жасалды.
|