
|
Шығыс Қазақстан өңірінде педагог кадрларды даярлайтын іргелі ЖОО, 75 жылдық тарихы бар киелі шаңырақ Семей мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында 2010 жылдың 30 қараша және 2 желтоқсан аралығында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН!» патриоттық апталығы өтті.
«МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН!» патриоттық апталығының аясында төменде көрсетілген іс-шаралар өткізілді
Бірінші күн 30 қараша 2010 жыл.jpg)
«МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН!» АТТЫ ПАТРИОТТЫҚ АПТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
«Тәуелсіздік – тірегім!» атты дөңгелек үстел. Дөңгелек үстелге Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының бастығы Жақсылық Мұқашұлы Омар қатысты.
ҮІ Қалалық «Жасай бер, жаса, қазағым-елім!» атты патриоттық әндер байқауы
Байқаудың қорытындысы:
Бас жүлде – Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің студенті Қожанов Олжас
1-орын – Қазақ қаржы экономикалық академиясының студенті Тілеу Айерке
2-орын – Семей мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Серікболатқызы Сая
3-орын – Семей көп салалы колледжінің студенті Макумбаев Саят жеңіп алды
Екінші күн 1 желтоқсан 2010 жыл.jpg)
ІІІ Республикалық «Қайрат рухы» атты студент ақындардың жыр мүшәйрасы
Жыр мүшәйрасына еліміздің жан-жағынан студенттер келіп қатысты. Атай айтсақ. Қызылода, Қарағанды, Алматы, Астана, Өскемен, Семей қалаларынан 30-ға жуық ақын қатысты.
«Қайрат Рухы» атты студент ақындардың ІІІ республикалық жыр мүшәйрасының «Бас жүлдесі» Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Мирас Асанға, І-орын Семей мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Шеризатов Арманға, ІІ-орын С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Мизамхан Оңалға (Өскемен) және Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің студенті Есжанов Саянға (Астана), ІІІ-орын Қазақ инновациялық Гуманитарлық – Заң университетінің студенті Мақаева Алтынгүлге (Семей), Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенті Өтемісова Әйгерімге, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Мырзахметов Алмазқа берілді.
Үшінші күн 2 желтоқсан 2010 жыл
«Институт – менің мәртебем!» атты институттық айтыс
Айтыс қорытындысы:
Бас жүлде – Ақбабаұлы Ардабек Семей мемлекеттік педагогикалық институты
1-орын – Дәулет Ерлан Семей мемлекеттік педагогикалық институты
2-орын – Нұрахметов Ұлан Семей мемлекеттік педагогикалық институты
3-орын – Рүстем Мұхамет-Рахым Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
|