
|
Тәуелсіздіктің әр бір таңы арайлы. Әр күн сайын еліміздің азаматы мен азаматшалары осы өмірдегі шуақты күндеріне, бейбітшілікпен өткен түндеріне ризашылық білдіріп, бір қадам алға жылжуға тырысады.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойы елімізде жыл бойы аталып өтуде. Соның бірі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен іске асырылып жатқан 20 қайырымдылық жобасы. Осы жобаның барысында еліміздің түпкір-түпкірінде қайырымдылық шаралары, мерекелік кештер, көңілді жарыстар т.б. халыққа ең қажетті, көмекке мұқтаж жандарға арналған бірнеше істердің нәтижесіне де куәгерміз.
Соның тағы бір айқын дәлелі Семей мемелекеттік педагогикалық институты, педагогика кафедрасының профессорлық-оқытушылар ұжымы 2011 жылдың 26-шы қарашасында Семей қаласындағы көп балалы және тұрмысы төмен отбасы балаларына арналған интернатта «Біз болашақ үшін!» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Кафедра меңгерушісі А.Ж.Едігенованың жетекшілігімен балаларға жоғары көңіл- күй, сәтті демалыс және мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты, жас өрендердің санасына жылулық нұрын себе отырып, тәуелсіздігімізді кеңінен насихаттау болды. Бастауыш сынып оқушыларына «Жақсылық пен жамандық» атты ертегісі қойылып, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттерінің өнері ортаға салынса, жоғары сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» сайыстарында бақтарын сынап, шара соңы мерекелік концертке ұласты. Көп балалы және тұрмысы төмен отбасы балаларына арналған интернат директоры С.Ж.Елеусізов өз ұжымы атынан ризашылығын білдірді.
Қандай шара болсын баланың жүрегіне от жағайық, қарттың көңіліне медеу болайық,барлығы еліміздің тәуелсіздігіне арналады. Әр күнімізді қуанышты өткізуге ұмтылайық. Себебі, сізбен біз бақытты Отанның бір кірпіші болып қалануға тиіспіз!
.jpg)
|