ҚАЗ
РУС
ENG
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Талапкер 2012 Жаңалықтар Фотогалерея Электрондық тізімдеме Байланыстар Кесте "Ustaz-Semey"




















      Бүгін,  Қазақстан халқы үшін ерекше күн деп айтсақ артық болмас, себебі Елбасының Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялау күні. Сағат 11.00-де Семей мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылық құрамы, қызметкерлер және студенттер қауымы  бас ғимараттың акт залында жиналып, Елбасының Жолдауын бірлескен түрде теледидардан тамашалады.  Барлығы 400 адам.
    «Біз мақсатқа жету жолдарын жақсы білеміз әрі бұған ресурсымыз да жеткілікті»,- деп Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. Елбасы білім саласы қызметкерлерінің алдына нақты міндеттер қоя отырып, жастарды отансүйгішттікке тәрбиелеу мәселесіне баса назар аударды. 
    Елбасының Жолдауын тыңдап болғаннан кейін дайындық бөлімінің оқушысы Қытай елінен келген қандасымыз Салтанат Дидар Елбасының жолдауын бірінші рет естіп тұрғаны жайында және бізге осындай мүмкіндік берген институт басшылығына алғысым шексіз деп өз ризашылығын білдірді. Институтымыздың белсенді студенттерінің бірі
Динара Аймұханова : «Жыл сайын дәстүрге айналған осы шараның да негізгі мақсаты - елде атқарылып жатқан маңызды шаруалардың нәтижелерін саралап, болашақта атқарылар мақсатты істерді бағамдап алу және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздігіміз баянды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгілік болсын»,- деген сөзіне қосылып, өз үлесімді қосуға дайынмын»,- деп  өз ойын қорытындылады.

Семей мемлекттік педагогикалық институт ұжымы Елбасының Жолдауын теледидардан тамашалау сәті