
|
2011 жылдың 29 қыркүйек пен 29 қазан аралығында Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Музыкалық білім беру» кафедрасының 4 курс студенттері қаламыздағы № 17 мектепте педагогикалық тәжірибеден өтті.
Біздің студенттерімізді музыка пәнінің майталманы, музыка пәнінің мұғалімдері байқауының 1-орын иегері Абдухамитов Айдар Абдыхатұлының жетекшілігінде болды. Жастар институт қабырғасында алған білімдерін іс жүзінде көрсетіп, әдістемелік шеберліктерін ұштады және мектепте болып жатқан мәдени іс – шараларға ұйымдастыруға белсене атсалысты.
№17 мектеп әкімшілігі педагогикалық тәжірибе жетекшісі музыкалық білім беру кафедрасының доценті Нұрбаева Фанида Мұқатайқызын алғыс хатпен марапаттады.
|