|

|
1. Ағымдағы жылдың 24 наурызында Педагог мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығы «Коммуникативная компетенция» тақырыбында Алтай мемелкеттік педагогикалық академиясы психология кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Дарвиш Олеся Борисовнаның жүргізуімен тренинг өткізді. Халықаралық сертификат беру көзделуде.
2. 2011 жылдың 22-24 сәуір аралығында Педагог мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығында «Экологиядан ғылыми – зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру тұлғаны шығармашылық дамытудың көп аспектілік бағыты ретінде» тақырыбында 3 кундік семинар болып өтті.
3. Қазіргі уақытта бюджеттік бағдарлама бойынша мемелкеттік білім саласының қызметкерлері мен мұғалімдеріне арналған үш апталық біліктілікті арттыру курстары келесі тақырыптар бойынша өтуде:
• Ағылшын тілі мұғалімінің кәсіби қызметіндегі ақпараттық – коммуникациялық технологиялар.
• Қазақ тілі мұғалімінің кәсіби қызметіндегі ақпараттық – коммуникациялық технологиялар.
• Орыс тілі және әдебиеті мұғалімінің кәсіби қызметіндегі ақпараттық – коммуникациялық технологиялар.
• Білім беруді модернизациялау жағдайында электрондық оқытудың өзекті мәселелері.
4. 27.04.2011 ж. «Мектептегі ғылыми – зерттеу жұмысы үздіксіз білім беру жүйесінің шарты ретінде» атты дөңгелек стол болып өтті. Дөңгелек столдың қатысушылары Семей қ., Шығыс Қазақстан облысының аудан мектептерінің мұғалімдері, сонымен қатар колледж оқытушылары болды. Келесі сұрақтар қаралып және талданды:
• Оқушылардың зерттеу қабілеттерінің даму механизмдері
• Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс істеу мәселелері
• Оқушылардың ғылыми жұмысының мотвациясы
• Ауылдық жалпы білім беретін мектептерде заманауи қажетті математикалық білімнің дамуы
Ұсыныстар алынды.
5. 27.04.2011 ж. біліктілікті арттыру курс тыңдаушыларына, сонымен қатар колледж, мектепке дейінгі бала орталықтарының және ММ «Семей қаласының қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің орталықтарының» өкілдеріне арналған
Педагог мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығының презентациясы өткізілді. Білім саласындағы қызметкерлердің біліктілігін ваучерлік – модульдік жүйе арқылы арттыру (20. 04. 2011 ж. Қарағанды қ. «ҚР білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін жаңарту механизмдерін жетілдіру проблемалары және шешу жолдары» атты өткен семинар-кеңес қорытындысы бойынша ақпараттар) мәселесі қаралды.
|
|
|
Семей мемлекеттік педагогикалық институты © 2012
|
|
|