
|
2011 жылдың 20 – 23 желтоқсанында Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясының (Ресей, Барнаул қ.) делегациясы жұмыс барысымен келді. Делегация құрамында Лазаренко И.Р. – п.ғ.д., профессор АлтМПА Қосымша кәсіби білімді дамыту орталығының директоры, Колбашева О. В. - Қосымша кәсіби білімді дамыту орталығының оқу бағдарламаларын жасау бөлімінің бастығы, Крайник В. Л. – п.ғ.д., профессор, АлтМПА Дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі болды. Кездесудің мақсаты: өзара ынтымақтастық барысындағы АлтМПА Қосымша кәсіби білімді дамыту орталығы мен СМПИ Педагог мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығының жұмыс жоспарын талқылау. Шығыс Қазақстан облысы мен Алтай аймағының білім жүйесіндегі қызметкерлерінің кәсіби сұранысының жалпы маниторингысы бойынша педагог мамандардың біліктілігін арттырудың ортақ мәселелерін қарастырып, әр аймақтың өз ерекшеліктерін есепке ала отырып екі жоғарғы оқу орнының біліктілікті арттыру орталықтары білім көтеру бағдарламаларын жасауға және жүзеге асыруға жағдай жасау мәселелерін анықтады.
.jpg)
|