
|
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының көптеген шет елдік жоғары оқу орындарымен тығыз әріптестік байланыста екені баршамызға мәлім. Солардың бірі – Ресей Федерациясының Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясы болып табылады. Екі беделді жоғарғы оқу орын дарының байланысының нәтижесі ретінде 2011 жылдың 10-14 мамыр аралығында Семей мемлекеттік педагогикалық институтының психология-педагогика факультетінің 050102 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 5 студенті: Байбулова М., Агзамова Г., Молгаждарова М., Алимбаева Ж., Сансызбаева А., жетекшісі педагогика кафедрасының оқытушысы И.А.Оралканова Барнаул қаласының Алтай мемлекеттік педагоги калық академиясы ұйымдастырған «Нұсқаулық-әдістемелік лагерь» атты семинар жұмысына қатысып қайтты.
Бұл семинар мақсаты: балалармен жас өспірімдердің жазғы демалыс ұйымдастырудағы студенттердің білімдерін арттырып, тәжірибелік дағдылары мен кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру болды.
Барлық күндері атқарылған істер жоспарға сәйкес өтіп, өз нәтижесін көрсетті. Студенттер тәжірибелерімен алмасып қана қоймай, өз білімдерін шындауға мүмкіндік алды.
«Нұсқаулық-әдістемелік» лагерь семинары жұмысының қорытындысы шығарылып, қатысқан студенттер сертификатқа ие болды.
Институттың баспасөз қызметі
|