
|
Бүгін қаңтар айының 18-і күні сағат 15.00-де Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде 2012 жылғы кезектен тыс өткізілген ҚР Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауларының қорытындысы жайында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелді Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры, Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлы: «V –ші шақырылған парламенттің ерекшелігі – үш партиядан жасақталды, «Нұр Отан» ХДП – 80,99 %, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 7,47%, Қазақстан Коммунистік ха¬лық партиясы 7,19% дауыс жинады және бұл партиялар халық мүддесін қорғайтын саяси партиялар», - деген сөздерімен ашып берді.
Саяси ғылымдарының профессоры, СМПИ оқу және әдістеме жұмыстарының проректоры Гүлнар Қажығұлқызы Искакова өз сөзінде: «15 қаңтар 2012 жылда өткен сайлау Халықаралық стандарттарға сай өткізілді және ашық, айғақ өтуіне барлық жағдайлар жасалынды. Сайлауда дауыс беруге жастар қауымы ерекше ат салысты. Айта кететін жайт «Нұр Отан» ХДП- ның сайлауалды платформасы барлық саланы қамтыған, түсінікті бағдарлама болды және халықтың көңілінен шықты. Алдыда көп партиялы парламенттің басты атқаратын жұмысы - келе жатқан дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру болып табылады», - дей келе, өз пікірін білдірді.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқытушылары: Рүстем Екібаев және Айзат Мұқатаева: «Біз «Нұр Отан» партиясы мен оның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевты басым жеңісімен құттықтаймыз. Бұл партия өзінің ең басты партия екендігін және оған халықтың сенетіндігін дәлелдей білді»- деп отырысты қорытындылады.
|