
|
25 сәуір күні СМПИ-нің бас ғимаратында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының, ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығының, Семей мемлекеттік педагогикалық институттың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызы» атты ғылыми-практикалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – Елбасының 2011 жылғы 28 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауындағы мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересектердің үлесін арттыру бойынша тапсырмасын жүзеге асыру мақстатында тіл оқыту орталықтары жұмысының тиімділігін арттыру, қызмет көрсету ауқымын кеңейту, жаңа ақпараттық технологияларды оқу процесінде тиімді пайдалану және компьютерлік технологиялар, интернет-ресурстар мен мультимедиалық құралдар көмегімен сапалы оқыту жолдарын қарастыру.
Семинарға аудан, қала тіл оқыту орталықтарының директорлары, оқытушылары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің бастықтары, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары, ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың, ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығының қызметкерлері қатысты.
Аталған ғылыми-практикалық семнардың бірінші бөлімінде мемлеклеттік тілді оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызы теориялық тұрғыда жергілікті ғалымдармен жан-жақты талқыланып, осы салада жұмыс істеп жүрген практик мамандардың тәжірбие бөлісуімен жалғасты. Екінші бөлімде облыс көлеміндегі аудандық, қалалық 8 орталықтың жұмыс жүйесіндегі кейбір мәселелері алға тартылып, сапалы қызмет атқару жолдары қарастырылды. ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығы жасаған орталықтар қызметінің рейтингтік бағалау жүйесі ұсынылды.
Институттың баспасөз қызметі
|