
|
28 мамыр күні сағат 11.00-де СМПИ-нің бас ғимаратында Семей қаласына арнайы сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор Төлеген Мұхамеджанов Семей мемлекеттік педагогикалық институттың профессор-оқытушы құрамымен және студенттерімен кездесті.
Кездесуде Төлеген Мұхамеджанов институттың ғалымдары мен оқытушыларының және студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, Т.Мұхамеджанов өзінің студенттік шағы туралы әңгімелеп, бірнеше шығармасын орындап берді.
Кездесу соңында халық қалаулысы өз туындылары жазылған бейнетаспасын сыйға берді.
Институттың баспасөз қызметі
|